Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5 градусқа дейін үсік жүреді
Қазгидромет 8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
09:01 08.10.2020
Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қалған аймақтарда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды, облыснынң кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі. Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram