Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әскери қоймадағы жарылыстан екі адам жарақат алды
Қауіпті аймақтан 1,6 мыңнан астам жергілікті тұрғын көшірілді.
10:36 08.10.2020
Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ресейдің Рязань облысындағы әскери арсеналда жарылыс болып, екі адам ауруханаға түсті. Ірі өртті жоюға 190-ға тарта әскери қызметкер, төрт ұшақ, үш тікұшақ және басқа техникалар жұмылдырылды. Зардап шеккендер – ер адам мен әйел Скопинский аймақаралық медициналық орталығына жатқызылды.
"45 жас шамасындағы әйел жан сақтау бөліміне түсті, ол бас сүйек-ми жарақатын алған. Ал 53 жастағы ер адам жарақат бөлімінде, оның жағдайы орташа ауыр", - деп хабарлады РИА Новостиге аумақтық апаттар медицинасы орталығының бөлім меңгерушісі Сергей Кузьминов.
Ол ер адамның миы шайқалғанын атап өтті. Бұған дейін өртенген шөптің жалыны оқ-дәрі сақталған алаңға шарпығаны белгілі болды. Куәгерлер жарылыс әр 5-10 минут сайын болғанын, аспанды қою түтін басқанын хабарлады.
Оқиға салдарынан Каспий федералды трассасы жабылды. Арсенал маңындағы елді мекендерден жергілікті тұрғындар көшіріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram