Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы жолдарында ерекше қызыл жолақтар пайда болды
Алматының жолдарында ерекше белгілер пайда болды.
12:09 08.10.2020
Енді жолдағы қауіпсіз нүктелер қызыл белгімен көрсетіледі.
"Қалалық полиция бөлімімен бірге қауіпсіздік нүктелерін қызыл жол бояумен толтыру жұмыстары жүргізілді", - делінген департаменттің ресми парағында.
Жұмыс қауіпті жол учаскелерінде жүргізушілердің назарын аудару мақсатында жүргізілгені атап өтілді. Таңбалау апаттар жиі болатын жерлерде қолданылады, атап айтқанда, әл-Фараби даңғылы, Сырғабеков, Водозаборная, Желтоқсан, Бұқтырма көшелерінде. Бұл тек жүргізушілерге ақпарат беру мақсатта қолданылады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қызыл белгінің пайда болғаны 26 қыркүйекте белгілі болды. Содан кейін полиция жол белгілерін қолдану үшін инновациялық материалдар белсенді қолданылатындығын атап өтті.
"Жолды белгілеу үшін инновациялық материалдар қолданылады. Таңбалаудың әр түрлі түстері де кең қолданылады - ақ, сары, жасыл, қара, алайда тиімділікті арттыру үшін қызыл белгілерді тәжірибе жүзінде қолдану жоспарланып отыр", - деп хабарлаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram