Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қырғызстанда зардап шеккендер саны мыңнан асты
Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер саны 1002-ге жетті.
15:11 08.10.2020
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігіндегілер мәлімдеді. Кеше билік 911 адамның зардап шеккенін және бір адамның қайтыс болғанын хабарлаған.
"Қазір зардап шеккендер саны 1002-ге жетті, бір адам көз жұмды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Зардап шеккен 797 адам алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілген, ал түрлі жарақат алған 204 адам ауруханаға жатқызылған.
Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда елдегі парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірді. Наразылар талабынан соң таңға қарай бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев, экс-премьер Сапар Исаков, бұрынғы депутат Садыр Жапаров, бұрынғы депутат Равшан Жээнбеков қамаудан босатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram