Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елімізде педагогтер біліктілік санаты үшін қосымша ақы алатын болады
Осы жылдан бастап колледж оқытушылары біліктілік санатын көтеріп, жалақысының 30-дан 50 процентіне дейін қосымша ақы алатын болады.
15:48 08.10.2020
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім берудің 80 жылдығына арналған іс-шара барысында мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, бұған дейін біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдерді тек мектеп мұғалімдері алған болатын. "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануымен колледж педагогтері де біліктілік санаты берілгеннен кейін ай сайын қосымша ақы алатын болады.
"Мемлекет басшысының қолдауымен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж педагогтерінің жалақысы артты, алдағы жылдары да арта түспек. Біліктілік санаты үшін педагогтерге қосымша ақы төлеу мәселесі көп жылдар бойы көтерілген болатын. Егер мектептерде мұғалімдер біліктілік санаттары үшін қосымша ақы алса, колледждерде мұндай үрдіс болған жоқ. Енді колледж педагогтері де ай сайын лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады. Өз кезегінде колледж директорлары мен директор орынбасарларының атқарған жұмысының тиімділігіне байланысты өз жалақысының 100 пайызына дейін қосымша ақы алу мүмкіндігі бар. Бұл әріптестеріміздің жұмысқа деген ынта-жігерлері мен жұмыстың тиімділігін арттыра түспек", - деп атап өтті министр.
Колледждерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында "Жас маман" республикалық жобасы іске асырылып жатқаны белгілі.
"Бағдарлама еліміздің 180 колледжінде жүзеге асырыла бастады. Осы ретте тек техникалық құрал-жабдық сатып алу ғана емес, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын жаңарту да жоспарланған", - деді ведомство басшысы.
Министр өз сөзінде мәжіліс депутаттары тобының бастамасымен енгізілген Заң жобасы қаралып жатқанына тоқталып өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram