Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сооронбай Жээнбеков жоғалып кетті
Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің қайда екені белгісіз.
15:53 08.10.2020
Қырғызстанның ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Курсан Асанов қазір президент Сооронбай Жээнбековтің және әлі күнге дейін отставкаға кетпеген ішкі істер министрі Қашқар Жүнісәлиевтің қайда екенін білмейді. Бұл туралы ол бүгін Бішкекте өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бергенде хабарлады.
"Шындығында, мен қазір Бішкекте тәртіп орнату мәселелермен айналысып жатырмын. Өздеріңіз көріп отырғандай, кешеден бастап еріктілермен бірге қаладағы жағдайды бақылауға алып, елді тонауға жол бермедік. Бізге оның орналасқан жері белгісіз. Оны іздеп жатқанымыз жоқ, қазір басқа жұмыс көп. Ең бастысы - тәртіп орнату", - деді Курсан Асанов.
Қырғызстанның шекарашылары елден жоғары лауазымды шенеуніктерді босатпау туралы бұйрық алды. Сонымен қатар шекараны жабу туралы шешім қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Ішкі істер министрінің экс-орынбасары Құрсан Асанов бішкектік комендант әрі Қырғызстанның Ішкі істер министрі міндетін атқаратын болды. Бірақ министр Қашқар Джунушалиев әлі қызметінен кеткен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram