{metadescription}
Алматыда 8 оқушыдан коронавирус табылды

Алматыда 8 оқушыдан коронавирус табылды

Алматыда қашықтан оқып жатқан 8 оқушыдан коронавирус табылды.

Онлайн брифинг барысында қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қоғамдық денсаулық сақтау департаменті күнделікті мектеп оқушыларында COVID-19 дертінің бар-жоғын тексеру үшін талдау жүргізіп отырғанын айтты.

«Бүгінде 8 бала есепке тіркелді. Оның барлығы - қашықтан оқитын балалар. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының 96% қашықтан оқып жүр. Сонымен қатар, қаланың 133 (64%) мектебінде 11 840 баланы қамтыған 923 кезекші сынып ұйымдастырылды. Кезекші сыныптар санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жинақталған, әр сыныпта оқушы саны 15 адамнан аспайды», - деді Қайрат Жұманов.

Қайрат Жұманов мектептердегі оқу процесін ұйымдастыруда мектеп алдында тұрған басты міндет - балалардың өмірі мен денсаулығының толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде