{metadescription}
CҚО-да коронавирустың таралуына байланысты аудан орталығы карантинге жабылды

CҚО-да коронавирустың таралуына байланысты аудан орталығы карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында 9 қазаннан бастап Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы - Булаево қаласында қатаң шектеу шаралары енгізіліп, коронавирусқа байланысты кіріп-шығуға тыйым салынды.

Ауданның бас санитарлық дәрігерінің жарлығында айтылғандай, Булаево қаласында шектеу шаралары 9 қазанда сағат 00:00-ден бастап енгізілетін болады. 

"Булаево қаласы мен Мағжан Жұмабаев ауданының басқа да ауылдары мен Петропавловск қаласының арасында ресми және жеке тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынсын", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар, Булаево қаласының тұрғындарына кешкі 22-ден таңғы 6-ға дейін үйлерінен шығуға шектеу қойылды. Қалған уақытта жұмысқа, жақын жердегі дүкенге, дәріханаға баруға, сондай-ақ қоқысты шығаруға рұқсат етілді.

"Көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруға тыйым салынады. Кешкі 7-ден кейін кәмелетке толмағандардың қарауынсыз жүруіне шектеу қойыңыз. 65 жастан асқан азаматтар оқшаулану режимін сақтауы керек", - делінген ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында.

Жерлеу шараларын өткізген кезде адам саны 30-дан аспауы керек. Булаево қаласының әкіміне 9 қазан сағат 00:00-ден бастап транзиттік жүк көліктерін қоспағанда, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында адамдардың кіруіп-шығуына тыйым салу туралы бұйрық шығарылды, деп жазады stan.kz. 

"Булаево қаласы аумағының шекарасының орнатылуын қамтамасыз етіледі. Булаево қаласынан жедел-құтқару қызметтерінің, жедел медициналық көмектің қол жетімділігі мен үздіксіз жұмысын ескере отырып, кіру-шығу нүктелері анықталады. Булаево қаласына қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді әкелу үшін жасыл дәліз құрып, медициналық бұйымдар, қорғау және гигиена құралдары, ауылшаруашылық өнімдері ғана қалаға кіргізіледі", - делінген қарарда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.