Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Сооронбай Жээнбеков үкімет пен премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланды.
14:05 09.10.2020
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Кубатбек Бороновты отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл көрші елдің үкіметі толықтай отставкаға кетті дегенді білдіреді. Жарлыққа сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін міндеттерін атқаратын болады, деп хабарлайды Қырғызстан президентінің ресми сайты.
«Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойған Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан Конституциясының 65-бабы, 87 бабының 1,2,3 бөлімі, 13-бабының 1 бөлімі, 4 тармақшасы, 23-бабының 3бөлімі, 1 тармақшасы және 23-бабының 4 бөліміне сәйкес Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға жіберілді», - делінген хабарламада.
Жарлық қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Кубатбек Боронов отставкаға кетуге өзі өтініш білдіргені хабарланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram