Алмазбек Aтамбаевтың көлігіне оқ атылды
Бішкекте экс-президент Алмазбек Атамбаевқа қастандық жасалды.
19:15 09.10.2020
Белгісіз біреулер Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көлігіне оқ атты. Шабуыл Бішкектегі Ала-Тоо орталық алаңында социал-демократтар мен Бабанов партиясының біріккен күштері сөйлеп жатқанда жасалды. Бұл туралы Қырғызстан социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Құндыз Жолдубаева мәлімдеді.
«Экс-президент мінген көлікке оқ жаудырылды. Алмазбек Шаршенұлы дін аман, жарақат алған жоқ», - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!