{metadescription}
Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушысынан коронавирус анықталды.

ПТР сынағынан өткені туралы сертификаты жоқ әуе жолаушыларын карантин стационарына жедел жеткізу шараларының көмегімен елорданың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында инфекцияның таралуын болдырмай, науқасқа уақтылы көмек көрсетті. 30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген. Әуежайдан бірден ол карантин стационарынажеткізіліп, қажетті зертханалық тексерулерден өтті.

Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері анализ алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медициналық мамандары бақылайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде