Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде қылмыстық топ құрықталды
Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен 3,5 миллиард теңгенің салықтары мен төлемдері қазынаға түспей қалған.
13:09 12.10.2020
Ақтөбе қаласында бюджетке қыруар шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды. Ресми мәліметке сәйкес, "СТОП-Обнал" жедел профилактикалық шара аясында ұзақ уақыт бойы жалған шот-фактуралар жазып келген қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.
"Осы іске қатысты қала тұрғыны өзінің достары мен туыстарына 15 кәсіпорынды тіркеп, құжат жүзінде басқа серіктестіктерге тауар жеткізігендей және қызмет ұсынғандай етіп көрсеткен. Алайда, шын мәнінде, ешқандай жұмыс та, қызмет те жасалмаған. Осылайша, ірі сомаға шот-фактуралар жазылған", – дейді тергеушілер.
Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен бюджетке қыруар шығын келген. Атап айтқанда, 3,5 миллиард теңгенің салықтары мен төлемдері қазынаға түспей қалған.
"Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 216-бабы – "іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау" бойынша жүргізілді. Іс сотқа жолданды", – деп атап өтті мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram