{metadescription}
Бішкекте төтенше жағдай режимі қайта енгізілді

Бішкекте төтенше жағдай режимі қайта енгізілді

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізу туралы жаңа жарлыққа қол қойды.

Аталған шешімнің шығарылуына Жогорку Кеңештің үш күннің ішінде ел астанасының аумағында бұған дейін төтенше жағдай режимін енгізу туралы мәселені қарастырмағаны себеп болды.

«Жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде туындаған зорлық-зомбылықпен және адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірумен ұштасатын қалыптасқан жағдайға байланысты, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Конституциясының 15-бабына, 64-бабы 9-бөлігінің 2-тармағына және «Төтенше жағдай туралы» Қырғыз Республикасы Конституциялық Заңының 3, 4, 7, 8-баптарына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мүддесінде, бұдан бөлек, Бішкек қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында: Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 12 қазанда сағат 20.00-ден 2020 жылғы 19 қазанда сағат 07.00-ге дейін төтенше жағдай енгізіледі», - делінген құжатта.

Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Қыдырбайұлы Орозалиев Бішкек қаласының төтенше жағдай кезеңіндегі коменданты болып тағайындалды. Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін комендатура құрылып, Бішкек қаласының комендатурасы туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілді.

Еске сала кетсек, 9 қазанда Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол режим 21 қазан сағат 08.00-ге дейін созылуы керек болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде