Елде коронавирустан 182 медицина қызметкері көз жұмды
Қазақстанда коронавирустан көз жұмған медицина қызметкерлеріне 10 млн теңге өтеақы төленеді.
16:42 12.10.2020
Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook парақшасында жазды.
«Соңғы шешім қабылданды, қаза болған медицина қызметкерлерінің барлығының отбасыларына/жақындарына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді. Осы аптаның соңына дейін ақша өтінім берушінің банктің есепшотына түседі. Қазақстанда коронавирус індетіне басталғаннан бері 182 ақ халатты абзал жан өмірден өтті», - деді Бағдат Қожахметов.
Айта кетейік, коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған дәрігердің отбасына тексеру жүргізілместен төлемақы берілуі тиістігін айтқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!