Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Cу тасқынынан 20 адам көз жұмды
Вьетнамда нөсер жаңбырдың салдарынан болған қатты су тасқыны мен көшкін салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, тағы 14 адам хабар-ошарсыз кетті.
19:29 12.10.2020
Өткен сейсенбіден бастап бұл аймақ нөсердің астында қалған. Жексенбіде Куангнам мен Куангнгай провинциялары арасындағы аумақта соққан Линф дауылы жағдайды одан әрі қиындатқан. Соңғы мәліметтер бойынша, Куангчи провинциясында кемінде алты адам көз жұмды. Куангнамда бес өлім туралы хабарланса, Тхуа Тхиен-Хуюде 3 өлім расталды. 50 000-ға жуық адам эвакуацияланды.
Өткен аптаның ортасынан бастап орталық жағалауда қатты жаңбыр құйып, кей аудандарда жүздеген үй 4 метрге жуық су астында қалды. Ха Тинь, Куангнам, Куангбинь, Куангчи және Тхуа Тхиен-Хюэ провинцияларындағы, сондай-ақ Дананг қаласындағы 206 коммунадағы 100 000-нан астам үй 0,3-3 метр тереңдіктегі су астында қалған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram