Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Балықшы киттің ағзасын тауып алып, миллионер атанған
Тайваньдағы Ланьюй аралының тұрғыны жағажайдан киттің қатып қалған төрт келі болатын құсығын (амбра) - тауып, миллионер атанған.
21:00 13.10.2020
Басылымның мәліметінше, наурыз айында Ли (Li) есімді ер адам жағажайда балық аулап, тәтті иіс шығарып тұрған қара тасты байқайды. Оның досы табылған затты Гаосюн ұлттық университетіне тапсыруға кеңес берген.
Биология ғылымдарының доценті Ченг Ши-Ие 7 қазанда бұл сұр амбра өте сирек кездесетін және құнды олжа екенін растады. Ол кашалоттың ас қорыту жолында пайда болады. Оны көбінесе " кашалоттың құсығы" немесе "құбылмалы алтын" деп атайды.
Амбра - балауыз тәрізді зат, кашалоттардың асқорыту жүйесінде пайда болады, ол парфюмерия өндірісінде қолданылады. Басылым олжаның нарықтық құны алты миллион жаңа тайвань долларына (89,5 миллион теңге) бағаланатынын атап өтті. Ли тасты сатқысы келетінін және ақшаны отбасылық шығындарға жұмсайтынын айтты.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram