Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада екі адам өрттен мерт болды
Бүгін елордада 5-қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 2 адам қаза тапты.
09:37 18.10.2020
Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Кравцов көшесі 2/1 мекен жайда өрт шыққаны туралы ақпарат өрт сөндіру бөлімшесінесағат 17-09-да келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 5 қабатты тұрғын үйдің соңғы қабатындағы пәтерлердің бірінде үй бұйымдары мен тұрмыстық техникалардың 10 шаршыметр аумақта өртеніп жатқаны анықталған.
Сағат 17-56-да өрттің алды алынып 18-08-те толықтай өшірілген. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 1949 жылы дүниеге келген әйелдің және 1977 жылы дүниеге келген ер адамның өртенген мүрдесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат. Өрт сөндіру жұмысына Төтенше жағдай департаментінің 14 маманы мен 3 техникасы, сонымен қатар Полиция департаменті мен жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өрт темекі тұқылын өшірмеу салдарынан орын алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram