Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте жиырма жастағы бойжеткенді тұншықтырып өлтірген
Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінен қыздың өлі денесі табылды.
10:38 21.10.2020
Полиция хабарлағандай,ол кісі қолынан тұншығып қайтыс болған. Күдіктіні құрықтады. Шымкенттің 18-ші шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен белгісіз қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама полицияға 19 қазанда келіп түсті.
"Тексеру барысында жәбірленушінің жеке басы анықталды. Бойжеткен, 2000 жылы Түркістан облысында ту,ан. Мойын аймағын тексеру кезінде тұншығудың іздері табылды. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің өлімі тұншығудан болғанын растады", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Аталған факті бойынша сол күні адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының 1997 жылы туған тұрғыны күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram