{metadescription}
Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Нүсіпова Әсем Бекқызы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.  

2001-2003 жж. — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.  

2003-2005 жж. — ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі. 

2005 ж. — ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі. 

2005-2007 жж. — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі.  

2007-2008 жж. — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі. 

2008-2016 жж. — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.  

2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2020 ж. — «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты. 

2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде