{metadescription}
Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауынa қанша қаржы бөлінеді

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауынa қанша қаржы бөлінеді

Парламент Мәжілісі мен мәслихатар сайлауына Қазақстан бюджетінен 15 млрд теңге жұмсалады.

"Үкіметке ұсынылған 2020 жылға арналған шығындардың сметасы шамамен 10,8 млрд теңге. Ол шығынның дені жалақыға жұмсалады деп жоспарланған, 70 681 мүше мен 10 061 сайлау комиссияларына 7,3 млрд теңге немесе шығынның 68% жұмсалады", - деді Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабина Мұстафина.

Сайлау комиссиясының ұйымдастыру шығыстары сметасында 3,5 млрд теңге жоспарланған. Бұған бюллетеньдерді, полиграфиялық және өзге де өнімдерді дайындау, сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сайлау науқанын ақпараттық қолдау, сондай-ақ, сайлау комиссиялары үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасау кіреді.

"Біз сайлау науқанын пандемия жағдайында барлық карантиндік шараны сақтай отырып жүргіземіз. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшесін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге 341,4 млн теңге сомасында шығындар көзделуде", - дейді ол.

Сайлау шығындары 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасында 4,5 млрд теңге сомасында көзделіп қойған. Бұл ақша түгелдей сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысын төлеуге жұмсалады.

"Осылайша, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлау науқанына шамамен 15,3 млрд теңге шығын жұмсалады", - деді Сабина Мұстафина.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде