{metadescription}
Қазақстаннан шетелге жасалатын авиарейстердің жаңа кестесі жасалды

Қазақстаннан шетелге жасалатын авиарейстердің жаңа кестесі жасалды

26 қазаннан бастап Қазақстан қалаларынан орындалатын халықаралық рейстердің кестесі жасалды.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram-да жариялады. Халықаралық авиарейстер 11 елге (Түркия - 33 жиілік, Оңтүстік Корея -2 жиілік, Нидерланды - 2 жиілік, БАӘ - 16 жиілік, Беларусь - 4 жиілік, Германия - 4 жиілік, Украина - 1 жиілік, Өзбекстан - 2 жиілік, Мысыр - 2 жиілік, Қырғызстан - 2 жиілік, Ресей - 2 жиілік) аптасына 70 рейс жиілігімен 20 маршрут бойынша орындалады:

1) Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Fly Dubai - аптасына 3 рет);

2) Алматы – Дубай – Алматы (Эйр Астана – аптасына 5 рет, Fly Dubai – аптасына 5 рет);

3) Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана-аптасына 3 рет);

4) Орал – Франкфурт – Орал (Эйр Астана – аптасына 1 рет);

5) Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (Белавиа - аптасына 4 рет);

6) Алматы – Киев – Алматы (Эйр Астана - аптасына 1 рет); 7) Алматы – Сеул – Алматы (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Asiana Airlines - аптасына 1 рет); 8) Атырау – Амстердам – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет); 9) Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан (SCAT/Эйр Астана – аптасына 1 рет);

10) Алматы-Шарм-Эль-Шейх – Алматы (SCAT/Эйр Астана - аптасына 1 рет);

11) Алматы – Ыстамбұл – Алматы (Эйр Астана – аптасына 7 рет, Turkish Airlines – аптасына 5 рет, Pegasus Airlines – аптасына 3 рет);

12) Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Turkish Airlines - аптасына 3 рет);

13) Атырау – Ыстамбұл – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет);

14) Шымкент – Ыстамбұл – Шымкент (SCAT – аптасына 2 рет);

15) Ақтау – Ыстамбұл – Ақтау (SCAT – аптасына 3 рет);

16) Алматы – Анталья – Алматы (Эйр Астана – аптасына 2 рет, SCAT – аптасына 1 рет);

17) Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 2 рет);

18) Алматы – Ташкент – Алматы (Эйр Астана – 1 жиілік, Uzbekistan Airways-1 жиілік);

19) Алматы – Бішкек – Алматы (Эйр Астана - аптасына 2 рет);

20) Нұр-Сұлтан – Мәскеу – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Аэрофлот – аптасына 1 рет).

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстаннан Түркия, БАӘ, Украинаға ұшатын әуе рейстері қысқарады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде