{metadescription}
Жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды

Жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды

Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды.

Франциядағы карантин 1 желтоқсанға дейін жалғасады.  Билік азаматтардан үйде болуға және өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауға шақырды, елде жүріп-тұруға шектеу енгізіледі. Францияда өзін-өзі оқшаулау режимі коронавирус эпидемиясының екінші толқыны аясында 30 қазаннан бастап енгізіледі, деп мәлімдеді ел президенті Эммануэль Макрон халыққа телеүндеуінде.

Оның айтуынша, өзін-өзі оқшаулау режимін қайта енгізу вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Карантин бүкіл Франция аумағында енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Мектептер жабылмайды, жұмыс жалғасуы мүмкін және қарттар үйіне баруға рұқсат етіледі. Алайда азаматтар үйден аса қажетті заттарды сатып алуға, жұмысқа және жақын адамдарына баруға ғана шыға алады. Үйден шығу үшін көктемдегідей жазбаша куәлік қажет.

​Маңызды қажеттіліктер тізіміне енбеген мейрамханалар мен барлар, сауда орындары жабылады. Президент сонымен бірге көпшілік жиналысқа тыйым салынатынын баса айтты.

"Бір өңірден екінші өңірге бара алмайсыздар", - деп жалғастырды ол.

Бейсенбіде үкімет өзін-өзі оқшаулау режимінің жоспарын егжей-тегжейлі баяндайды, деп жазады sputniknews.kz. Сондай-ақ, Франция басшысының айтуынша, Шенген аймағының сыртқы шекаралары жабық болады. Айта кетейік, Францияда алғаш рет карантин наурыз айында енгізіліп, екі айға созылды.

Франциядағы коронавирус

Францияда COVID-19 эпидемиясы басталғаннан бері вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 1,2 миллион адамға жуықтады, 35 мыңнан астамы қайтыс болды. 25 қазанда тағы бір антирекорд тіркелді – бір тәулікте 52 мың адамнан коронавирус табылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде