{metadescription}
0:000:00

Фируза Шәріпова сербиялық қарсыласын жеңді

Мәскеу қаласындағы «Кеңестер қанаты» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр.

Онда қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) өнер көрсетті. Шәріпова сербиялық Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) айқасты. Сегіз раундқа есептелген жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Фируза Шәріпова профи-рингтегі 12-інші жеңісіне қол жеткізді. 26 жастағы спортшымыз үшін бұл – 2020 жылғы екінші айқас. Бұған дейін ол тамыз айында Танзания өкілі Хэппи Даудиді (9-7-1, 4 КО) бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Сербиялық Сара Марьянович бүгін өз мансабында сегізінші рет жеңілді. Мәскеудегі бокс кешін «Qazsport»телеарнасы мен SHAMO BOXING Youtube-арнасынан тікелей эфирден көруге болады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде