{metadescription}
Нұр-Сұлтанда карантин кезінде түнгі клубта 500-ге жуық адам отырған

Нұр-Сұлтанда карантин кезінде түнгі клубта 500-ге жуық адам отырған

Елордалық полиция қызметі карантин режимін бұзған мейрамханалар мен түнгі клубтарды анықтады.

Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, рейд кезінде мобильді топ түнгі сағат 23.40-та ВНВ (БХБ) түнгі клубына барған. Полицейлер мекемеде 500-ге жуық адам болғанын айтады.

"Біз барғанда түнгі клуб қонақтары мен қызметкерлері бізден тығылып ішке жасырынбақшы болды.Түнгі клубта 500-ге жуық адам бетпердесіз, арақашықтықты сақтамай, көңіл көтеріп жүрді", - деп хабарлады ведомство.

Тағы бір бұзушылық сағат 22.10-да Қорғалжын тас жолында орналасқан ZIMA түнгі клубында анықталды. Бұл мекемеде 80 қонақ болыпты. Сондай-ақ ZOLOTO және Korean һаиѕе мейрамханаларын, сондай-ақ ICON клубын тексеру кезінде карантинді бұзу фактілері анықталды.

"Жоғарыда аталған элиталық мекемелердің барлығы карантин шараларын, сондай-ақ жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесі бар санитарлық-профилактикалық шараларын өрескел бұзды. Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар санитарлық дәрігерлерге шешім қабылдау үшін жіберілді", - деп толықтырды Департамент.

Бір тәулік ішінде мобильді топ 313 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 46 карантин режимін бұзу фактілерін анықтады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде