Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
СҚО әкімдігінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінді
СҚО әкімі аппаратының қызметкері 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
16:16 31.10.2020
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мәліметінше, басқармалардың бірінің басшысының міндетін атқарушыға қатысты соталды тергеу басталды.
"Ол бұрын шарттары нақты орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде ақшалай пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу қорытындысы бойынша қабылданады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram