Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды
Қазір коронавирустық инфекциядан төрт мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың арасында 330 бала бар.
11:05 01.11.2020
Өткен тәулікте коронавирус пен ковидтік пневмониядан бес науқас көз жұмды. Бір тәулікте коронавирустан төрт, ал пневмониядан бір адам қайтыс болды. Өткен тәулікте пневмонияға шалдыққан 216 пациент тіркелді. 1 тамыздан бері барлығы 37 962 адам ковидтік пневмониямен ауырды. 402 науқас қайтыс болды.
Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирустық инфекциядан 4 166 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 330 бала бар. Стационарларда 2 339 науқас жатыр. 1 827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 154 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 12 пациент хәл үстінде жатыр. 17 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!