Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бішкекте қатарынан бес митинг өтті
Бішкекте үкімет ғимараты жанында бір сәтте бірнеше митинг қатар өтті.
16:20 02.11.2020
Sputnik Қырғызстан агенттігінің хабарлауынша, митингі Бішкектегі үкімет үйінің жанында өтіп жатыр. Біріншісін бас директорларының негізсіз жұмыстан босатылғанына наразы энергетиктер ұйымдастырды. Екінші митингті жаңа басшыны қолдайтын энергетиктер ұйымдастырған.
Үшіншісіне «Дордой» базарының сатушылары жиналған. Олар жабық шекара мәселесін шешуге көмектесуді сұрайды. Олар тауарларының Қытаймен шекарада үшінші ай босқа тұрғанын айтады. Салықтар мен кедендік төлемдер төленгеніне қарамастан тауарлар қайтарылмаған.
Төртінші наразылық шарасын «Айымдар кыймылы» қозғалысының әйелдері өткізген. Олар заңсыздық пен саяси қуғындауға қарсылықтарын білдіруде. Сонымен қатар, жаңа үкімет құрамын өзгертуді талап етіп отыр. Ал, бесінші митингті өткізушілер кредитті кешіріп, Ұлттық Банктің төрағасы Толқунбек Абдығуловты отставкаға жіберуді талап еткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram