Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ашулы топ Құранды қорлаған ер адамды өлтіріп, өртеп жіберді
Бангладеште ер адамды ұрып-соғып өлтірді.
16:46 02.11.2020
Құранды «қорлады» деп денесін өртеп жіберді. Бірнеше жүз адамнан құралған топ Буримаридегі негізгі мешітте Құранды аяқпен таптады деп айыпталған екі ер адамды сыртқа шығарып алды. Белгілі болғандай, полиция азаматтарды арашаламақ болды.
«Олар біреуін өлімші етіп сабап, содан кейін мәйітті өртеп жіберді», - деді аудандық полиция басшысы.
50 жастағы марқұмның психикалық ауытқудан зардап шеккені белгілі болды. Сонымен қатар, ашуланған тобыр муниципалдық кеңсені де өртеді. Шабуылдың екінші құрбаны ауыр жарақат алғаны хабарланды. Бангладештегі радикалды исламистер соңғы уақытта өз жақтастарын көбірек жинай бастады.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram