Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Aдамға ұқсайтын балық ауыл тұрғындарын шошытты
Таиланд тұрғыны бет пішіні көңіл күйі жоқ адамға ұқсайтын балық аулаған.
17:52 02.11.2020
26 қазан күні тайдың Краби провинциясында тұратын 33 жастағы балықшы Прасерт Шукул Андаман теңізінің жанындағы аралдардың біріне көк шаяндарды аулау үшін арнайы ау құрған. Бірақ балықшы судан шаян емес, ерекше балық аулаған. Балықтың денесі қысқа, көзі мен аузы адамдікіндей болған.
"Оның тісі болған жоқ. Сондықтан балық көңіл күйі жоқ өкпелі адамға қатты ұқсап тұрды", - дейді Шукул.
Ер адам бастапқыда балықтан қорқып, оны суға қайтадан тастап жібермек болған. Артынша оны өзінің ауылында тұратындарға да көрсетпек болады. Біртүрлі балық оларды да шошытқан.
Ер адам үйіне келгеннен кейін жергілікті теңіз биологтарына балық туралы хабар берген. Алайда олар өзі де бұл балықтың қай тұқымдасқа жататынын анықтай алмаған. Олар бұл балық бетін құмға қадап, езуін ашып, кішкентай балықтарды аулап жейтін Pollicaris тұқымдасына жатқызды. Шукул ерекше балық сәтсіздік алып келеді деп үйінде қалдырмаған. Ол су жануарын биологтарға берген.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram