{metadescription}
0:000:00

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатының видеосы таралды

Алматыда КамАЗ жылдамдықпен жүйткіп келіп, көліктерді, трансформаторды, аялдаманы сүріп кеткен.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде таралды. Видеода жүк көлігі Науаи көшесімен жүйткіп келе жатып, жол жолында тұрған трансформатор мен бірнеше көлікті қағып кетті. Қатты соққыдан жүк көлігі бірнеше бөлшекке шашылып қалды. Жол апаты Бостандық ауданында күндізгі 12:00-де болған.

«Shacman көлігін тізгіндеген 47 жастағы ер адам Дулати көшесімен солтүстік бағытқа келе жатып Набережная көшесімен қиылыста Nissan Maxima көлігімен соқтығысқан. Соғылған соң да жүк көлігі жүйткіген жылдамдығын түсірмеген. Содан кейін жүк көлігі шығыс жақтағы жол шетіне шығып кеткен. Сол қарқынмен аялдамадағы жарнама қалқанын, трансформаторлық қосалқы стансаны, жол шетіндегі үйлердің қоршауын қиратқан. Қоршау ауладағы Toyota Land Cruiser көлігінің үстіне құлаған. Бұдан соң Nissan Maxima көлігі қарама қарсы бетке шығып кетіп, Audi көлігіне соғылған», - деді ПД баспасөз қызметінен.

Жол апатына байланысты ПД тиісті сараптамалар тағайындады. Соққыдан жүк көлігінің жүргізушісі мен Nissan Maxima жүргізушісі жарақат алды.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.