Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚO коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» енді
Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймаққа» кірді.
18:43 03.11.2020
Бұл туралы ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев ресми таратылған видеоүндеуде хабарлады. 1 қазан мен 2 қараша аралығында облыс бойынша 1681 рейд жүргізіліп, 9321 нысан қамтылған. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамағандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігімен 381 айыппұл салынды.
Облыста жалпы қуаттылығы тәулігіне 7 мың сынамамен жұмыс істей алатын 10 зертхана бар. Бұл жүктеме өңір аумағына артығымен жеткілікті. Қазіргі уақытта тәулігіне орта есеппен 3000-ға дейін зерттеу жүргізілуде. ПТР тестілерінің тапшылығы жоқ. Бүгінде облыста 78 мың тест бар. Бұл кем дегенде 3 айға жеткілікті және олар үнемі толықтырылып отырады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, ШҚО-да 10747 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 8508 адам жазылып шықса, көз жұмғандар саны – 249.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram