{metadescription}
Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді

Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді

Польшада Қазақстан азаматы оқ жарақатынан қаза болды.

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында 2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда Елшілік ҚР азаматының туыстарымен байланыс орнатып, оның денесін елге қайтару жұмыстарын атқарып жатыр», - деді СІМ баспасөз қызметінен.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қазақстандық өзінің достарымен бірге алма бағына барған, сол жақта оған оқ тиген. Ол Клучковице-Оседльдегі мектеп-интернаттың оқушысы болған. Қазақстан азаматына оқ атқан күдікті әзірше ұсталған жоқ. 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде