Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы әуежайында полицей жолаушыны ұрып-соққан
Алматы көліктегі полиция департаменті мас жолаушыны ұрған полиция қызметкеріне қатысты түсініктеме берді.
16:21 04.11.2020
Әуежайда болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде таралды. Қалалық Көліктегі ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2 қарашада болған. Алматы әуежайындағы полицияның желілік бөліміне «FlyArystan» компаниясының қызметкерлерінен хабарлама түскен. Қызметкер Алматы - Қостанай бағытында ұшатын 8-гейтте мас адамның шу көтеріп жатқанын айтқан.
«Тексеру барысында полиция қызметкерлері 36 жастағы ер адамды ұстады. Кезекші бөліміне жеткізілген соң да жолаушы дөрекілік танытты. Балағаттап, қарсылық көрсетті. Сондықтан, полиция қызметкері оған күш көрсетуіне тура келді. Медициналық куәландырудың нәтижесінде ол орта дәрежеде мас екені анықталды», - деді ПД.
Жолаушыға қатысты ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.
«Полиция қызметкері Елеусізов өз әрекеттерімен құқық қорғау органдарының беделін түсіретін әрекет жасап, қызметтік тәртіпті өрескел бұзғандығы анықталды. Осыған байланысты, 3 қарашада көліктегі ПД бастығының бұйрығымен конституциялық құқықтарын бұзғаны және құқық бұзушы азаматқа дене жарақатын салғаны үшін полиция капитаны А. Е. Елеусізов ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, желілік полиция бөлімінің 8 лауазымды тұлғасы тәртіптік жазаға тартылды», - деді полицияда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram