Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Болат Жәмішев Bank RBK директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды
Болат Жәмішев Bank RBK акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
16:48 04.11.2020
Банктің Директорлар кеңесінің шешімімен Болат Жәмішев "Bank RBK" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Банктің Директорлар кеңесінің басшысы қызметіне тағайындалған, жоғары мемлекеттік қызметтерде және қаржы секторында басшылық жұмыстың ауқымды тәжірибесін иемденетін Болат Жамишев қаржы институтын стратегиялық дамыту және еліміздің ең орнықты, тұрақты және сенімді банктерінің бірі ретінде оның позицияларын нығайту мәселелері бойынша жетекшілік етеді. Сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банктің тәуелсіз директоры Торстен Полдың өкілеттіктері бір жылға ұзартылды.
Болат Жәмішев Алматы облысы Гвардия ауданының Алтын – Емел ауылында 1957 жылғы 28 маусымда дүниеге келген. Білімі жоғары, 1981 жылы Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. Аспирантураны бітіргеннен кейін 1992 жылға дейін бірнеше жыл ғылыми қызметпен айналысты. Кейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, басшы лауазымдық қызметтерді атқарды.
Әр жылдары Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктердің төрағасы, Еуразиялық Даму Банкі Басқармасы төрағасының орынбасары; Қаржы министрі, Өңірлік даму министрі, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды, сондай-ақ Цеснабанк Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram