{metadescription}
Қарағандыда екінші рет коронавирус жұқтырған науқас тіркелді

Қарағандыда екінші рет коронавирус жұқтырған науқас тіркелді

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавируспен екінші рет ауырғандар туралы айтып берді.

Олайн-брифинг барысында Ажар Ғиният Батыс Қазақстан облысында тіркелген коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы дәлелденбегенін айтты. Алайда Қарағанды облысында тағы да коронавирусты қайта жұқтыру тіркелген. 

"Кейбір елдерде коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркеліп жатыр. Батыс Қазақстанда болған ең бірінші жағдай. Ол кісі ең бірінші рет ауырған кезде кімнен жұққаны, қайдан келгені белгісіз болған. Сондықтан, қазіргі таңда бұл жағдайды қайтадан жұқтырдыға есептеп отырған жоқ. Бірақ Қарағанды облысында мұндай жағдай тіркеліп отыр. Барлық инструменталдық зертханалық анализдермен дәлелденген. Екінші жағдайда сондай аурумен қайтадан түсіп, ПТР тестілеу нәтижесі оң болып шықты", - дейді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, вице-министр БҚО-дағы жағдайға қатысты нақты ақпарат берді. 

"Қазір министрлік тарапынан эпидемиологиялық комиссия тексеріп жатыр. БҚО-дағы ауырған адам ең алғашқылардың бірі болып, ауырған. Қазіргі жағдайы қайта жұқтырғанға жатқызылмады", - дейді ол. 

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырған науқас БҚО-да тіркелгені туралы жазған болатыныз.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде