{metadescription}
Сотталған және үй қамауындағылар элекронды білезік арқылы бақыланады

Сотталған және үй қамауындағылар элекронды білезік арқылы бақыланады

Елімізде істі болған және үй қамауына алынған айыпты жандар арнайы электронды білезік арқылы бақылауда болады.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

«Бұл білезік сотталып шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және үй қамауындағы айыпты азаматтарға тағылады. Бұған дейін жоғарыда аталған айыптыларды жеке-жеке мамандар қадағалады, оларға арнайы көлік бөлінді. Ендігі уақытта 300-400 сотталушы немесе үй қамауындағы айыптыны 1 ғана тәртіп сақшысы бақылай алады. Білезік қолдан шешілмейді, шешкен жағдайда бірден дабыл соғылады», - деді С. Сәрсенов аталған электронды білезікті таныстыру барысында.

Оның айтуынша, электронды білезік арқылы кез келген адамның қайда не істеп жүргенін бақылауға болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде