Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Министрлік Біртановтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау вице-министрі ОКҚ-дағы онлайн брифингте бұрынғы министр Елжан Біртановқа қатысты түсініктеме берді.
19:20 04.11.2020
Журналистер "Елжан Біртановқа қатысты сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен басталған тергеу министрлік үшін тосыннан болды ма?" деп сұрады.
"Өкінішке қарай, әрине, министрлік үшін ақпарат қиын. Құзіретті органдар қазір жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, олар оны анықтайды", - деп жауап берді журналистің сұрағына Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.
Вице-министрдің айтуынша, тергеу шаралары басталғаннан кейін министрліктің жұмысы көбейді. Себебі тергеушілер құжаттарды тексеріп қана қоймай, жауап алуға да шықырып тұрады.
"Жалпы, денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне қосымша жүктеме түсіп отыр. Тергеу органдары құжаттармен жұмыс істеп, біздің қызметкерлерімізді жауап алуға да шақырып тұрады", – деп атап көрсетті Ғиният.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram