{metadescription}
Оралда түнде көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Оралда түнде көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Орал қаласының бас санитар дәрігерінің 4 қарашадан бастап қалада жаңа шектеу шараларын енгізді.

Жаңа ережелер 7 қарашадан бастап күшіне енеді.

"Түнгі ауысымда жұмыс жасайтын адамдардың автокөлікпен жүруін, аса қажет жағдайда (дәріханалардан дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару) жеке автокөлікпен жүріп-тұруды қоспағанда, сағат 23.00-ден бастап 06.00-ге дейін автокөліктің жүруіне шектеу қойылады", - делінген қаулыда.

Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалар басқа да дәлелді себептермен сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөлікпен жүру қажет болған жағдайда https://www.STOPCOVID.KZ сайтында тіркелуі қажет немесе 109 телефон нөміріне өтініш хабарлама қалдыруы тиіс. Сонымен қатар, Орал қаласының полиция қызметкерлері талаптарға бағынбаған тұрғындарды анықтау мақсатында рейд жүргізетін болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде