Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодардың бұрынғы әкімі қамауға алынды
Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
14:40 05.11.2020
Қайыргелдиновті Павлодардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің адамдары ұстаған. Ол облыс бюджеті есебінен 240 млн теңгеге бекітілген пайдалану талаптарына сай келмейтін нысанды заңсыз сатып алған. Оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу шешімі қолданылды. Тергеу жүріп жатыр, делінген хабарламада. Сотқа дейінгі тергеу ақпараты жария етілмейді.
Баспасөзде Қайыргелдинов Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне пайдалануға жарамайтын аэродромды сатып алған деген мәліметтер жүр. Оразгелді Қайыргелдинов 2016 – 2019 жылдары Баянауыл әкімі болған. Ал 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін Павлодар әкімі болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram