{metadescription}
Қазақстанда 6 партия сайлауға қатысады

Қазақстанда 6 партия сайлауға қатысады

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың тізімін жариялады.

"Әділет министрлігі саяси партияларға қатысты тіркеуші орган қызметін атқарады. (...) 2020 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша, алты саяси партия тіркелді. Nur Otan партиясы, "Ақ жол", Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, "Ауыл", "Бірлік" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Аталған партияларды қайта ұйымдастыру, тарату туралы мәліметтер жоқ. Барлық партияның құрылымдық бөлімшелері бар", - деді әділет вице-министрі Наталья Пан Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

ОСК мүшелері алты қазақстандық саяси партияның сайлауға қатысуы үшін бірауыздан дауыс берді. Барлық алты партия да мәслихаттар сайлауына жіберілді, бірақ "Бірлік" Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының сайлауына қатыса алмайды.

Әділет вице-министрі "Бірлік" партиясының 16 филиалы бар, ал Шымкентте және Түркістан облысында филиалдары жоқ екенін атап өтті. Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.