Ішімдік коронавирусты одан сайын асқындыратыны айтылды
Нарколог-дәрігер Руслан Исаев алкогольді тұтыну коронавирус инфекциясының ағымына қалай әсер ететіні туралы айтып берді.
18:51 05.11.2020
Оның айтуынша, алкоголь ішкен коронавирус жұқтырған адам аурудың түрін нашарлатуы мүмкін. Исаев инфекцияның ауырлығы ағзаның қорғаныш қасиеттеріне байланысты екенін және алкогольді ішу иммунитетті бұзатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, маман алкогольді вирусты емдеуде қолданылатын дәрілермен араластырмау керектігін атап өтті, өйткені бұл асқынулар мен ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Дәрігер антибиотиктерді қолданған кезде алкогольді асыра пайдаланбау керектігін баса айтты.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!