Шахтада болған жарылыстан 4 адам мерт болды
Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында көмір шахтасында газ атылып, 4 адам қаза тапты, тағы төртеуі із-түзсіз жоғалып кетті.
19:54 05.11.2020
Апат сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 13.00 шамасында провинцияның Тунчуань қаласындағы Цяоцзылян көмір өнеркәсібі компаниясының шахтасында болды. Шахтадағы 42 жұмысшының 34-і сыртқа шығып үлгерген.
Құтқарушылар апат салдарынан мерт болған төрт кеншінің мәйітін тапты. Құтқарушылардың жұмыстарын жалғастыруы үшін мамандар газ шығару жүйесін жөндеп, желдету, электр және тасымалдау жүйесін қалыпқа келтірді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!