Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елжан Біртановқа қоғам белсенділері мен дәрігерлер араша түсті
Қазақстандық дәрігерлер мен қоғам қайраткерлері Елжан Біртанов үшін арашаға түсті.
10:36 06.11.2020
Беделді дәрігерлер бұрынғы денсаулық сақтау министрін босатуды талап ететін ашық хат жазды. Әріптесін қолдағандардың ішінде бүкіл елге танымал профессорлар Ақшолақов, Пя, Локшин, Байгенжин және Шарман бар.
"Дәрігерлер мен азаматтық қоғам сенген өнегелі дәрігер, тамаша көшбасшы сыбайлас жемқорлыққа шатылды дегенге сену мүмкін емес. Өйткені министр-саланы дамыту стратегиясына, саяси шешімдер қабылдауға жауапты лауазымды шенеунік мемлекеттің ақшасын жымқырып қалуы мүмкін бе? Бұл оның функциясы емес!", - делінген ашық хатта.
Ашық хатта қазақстандық медицинаның қаймақтары Біртановты денсаулық сақтау министрлігіндегі ең білікті маманның бірі еді дейді. Оның сіңірген еңбегіне міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілген жүйесі, медицина қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту, шетелдік инвестицияларды тарту жатады.
"Экс-министр тартылған істі кәсіби және бейтарап тергеуге үміттенеміз және сыртқы байланыстарды шектеумен шектеліп, оны жақын адамдарынан оқшауламау мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Біз сенімді ақпараттың нәтижесін алу үшін барынша көп жұмыс жасайтынына сенімдіміз", - делінген ашық хатта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram