Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Енді құжатының мерзімі аяқталғандарға SMS-хабарлама келеді
Енді телефон нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтарға жеке куәліктің, паспорттың және жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама келетін болады.
15:16 06.11.2020
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке куәліктің, паспорттың және жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаны туралы SMS телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтарға құжат мерзімінің аяқталуына бір ай қалғанда келеді. Хабарламада "Жақын арада сіздің жеке куәлігіңіздің (паспорттың, жүргізуші куәлігінің) қолданылу мерзімі аяқталатынын еске саламыз. Жаңа құжатты алу үшін үйден шықпай-ақ eGov.kz арқылы өтініш бере аласыз" деп жазылады. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, проактивті қызметтің арқасында адамдар құжат мерзімін өткізіп алмай, тапсырыс бере алады.
"Осылайша, біз қазақстандықтардың мерзімі өткен құжаттар үшін айыппұл төлемеуіне жағдай жасағымыз келеді", - дейді Тұрысов.
SMS-хабарлама алған азаматтар Gov.kz порталында өз құжаттарының әрекет ету мерзімін ұзарта алады. Жеке куәлік пен паспортты "Паспорт, жеке куәлік алу" қызметін пайдалану арқылы ұзартуға болады. Қолданылу мерзімі өткен жеке басты куәландыратын құжаттарды тек ХҚКО-да ауыстыруға болатынын атап өткен жөн.
Жүргізуші куәлігін құжаттың қолданылу мерзімі өткен, тегі, аты және әкесінің аты өзгерген, жоғалған немесе ұрланған жағдайларда eGov.kz порталында онлайн өтінім беру арқылы қайта шығаруға болады. Ол үшін порталда "Жүргізуші куәліктерін беру" қызметін таңдау қажет. Сондай-ақ, мобильді азаматтар базасында тіркелген азаматтар 1414-тен туған күніне орай құттықтау мен тілектері бар хабарламалар алатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram