Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Арыста ер адамның басы терезе торына қысылып қалған
Түркістан облысының полицейлері темір торға қысылып қалған ер адамды құтқарды.
15:49 06.11.2020
Арыс АПБ кезекші бөліміне аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісіндегі терезе торына ер адамның басы қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады. Оқиға орнына бірінші болып Арыс АПБ патрульдік полицейлері Ерлан Ишанов пен Қанат Сасаев келді. Тәртіп сақшылары ер адамға көмек көрсету үшін темір торды кесіп, оны "тұзақтан" босатты. Полицейлер зардап шегушіге су ішкізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Анықталғандай, көп пәтерлі үйдің тұрғыны Мақсат Нұрбасов пәтерден кіреберіске шығып, баспалдақпен төмен қарай түскен. Осы мезетте ер адамның қан қысымы көтеріледі. Содан соң құлап түсіп, азаматтың басы терезе торының арасына кіріп кеткен. Өздігінен шыға алмаған. Арыс қаласының тұрғыны Мақсат Нұрбасов патрульдік полиция қызметкерлеріне уақытылы көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
"Сол күні бірден қан қысымым көтеріліп кетті. Баспалдақпен түсіп келе жатып, көз алдым қараңғылана бастады, содан соң құладым. Көршілерге рақмет, олар көмекке полицияны шақырды. Көршілерім мен полиция қызметкерлері Ерлан мен Қанатқа алғысымды білдіргім келеді. Олар мені темір тордың құрсауынан шығарды. Содан соң ауруханаға бардым, дәрігерлер ешқандай асқынудың жоқ екенін айтты", – деп Арыс ауданының тұрғыны полицейлерге ризашылығын жеткізді.
Дереккөз: Polisia.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram