{metadescription}
ШҚО-да күдікті бесінші қабаттан секіріп кетті

ШҚО-да күдікті бесінші қабаттан секіріп кетті

Шығыс Қазақстан 5-қабаттың балконынан секірген күдіктінің өлімін тергеп жатыр.

Тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кету нәтижесінде алынған жарақаты бар 42 жастағы ер адамды, жедел жәрдем бригадасы Аягөз аудандық ауруханасына жеткізді. Ол түскі уақытта медициналық мекемеде есін жимастан қайтыс болды. Ер адам секірген пәтер аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің бірінің ата-анасына тиесілі екендігі анықталды.

"Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша құлау сипаттамасынан басқа дене жарақаттары табылған жоқ", - деді ШҚО полиция департаментінің бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Сонымен қатар, қайтыс болған адамның қызды зорлау фактісі бойынша қылмысқа күдікті болғаны анықталды. Оған қоса күдіктінің 2-топтағы мүгедек екенін белгілі. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын, оның сол пәтерде болу себептерін қоса, арнайы комиссия тексеріп жатыр, ішкі қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, процессуалдық прокурор тағайындалды.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.