Павлодар облысында мас күйінде ұсталған әкім жұмыстан босатылды
Мас күйінде рульге отырған Павлодар облысындағы ауыл әкімі қызметінен босатылды.
11:03 10.11.2020
"Серік Құсайынов 2020 жылғы 9 қарашада Май ауданы Ақжар ауылының әкімі қызметінен босатылды", - деді Май ауданының әкімдігінде.
Бұған дейін Май ауданындағы Ақжар ауылының әкімі қамалғаны хабарланды. Ол қызметтік көлікпен көрші тұрған Шығыс Қазақстан облысына барған. Әкімді Курчатов қаласының жол сақшылары тоқтатып, оның орташа күйде мас болғанын анықтаған.
Сонымен қатар, көлік тоқтаған уақытта шенеуніктің жанында осы көлікті басқаруға арналған құжаттары болмаған. Сол күні полиция Май ауданы Ақжар ауылының әкімі Серік Құсайыновқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің "мас күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы" бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
2020 жылғы 15 қазанда Май аудандық сотының қаулысына сай С.М. Құсайынов жоғарыда көрсетілген бап бойынша 2020 жылғы 30 қазанға дейінгі мерзімге 15 тәулік әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге автокөлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан өзге, Құсайыновқа қатысты баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіндк көзделген құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша тәртіптік іс қозғалды.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!