{metadescription}
Ереванда Қарабақты бергеннен кейін бүлік шықты

Ереванда Қарабақты бергеннен кейін бүлік шықты

Ереван орталығында мыңдаған адам Таулы Қарабақтағы бейбіт келісімге келу мен Әзербайжанға территорияны беру туралы мәлімдемеге наразы болды.

Наразы топ Армения парламентінің ғимаратына басып кірді. Олар бірінші қабаттағы терезені сындырып, қабырғадағы жазбаларды құлатты, есіктерді сындырды. Үкімет кабинеттеріндегі компьютерлерді, жиһаз бен микрофондарды қиратты. Үкімет алдындағы алаңда атысқа ұқсас дыбыстар естілді.

"Бүгін біздің тарихымыздың ең масқара парағы жазылды. Бірнеше сағат бұрын "Гүлденген Армения" және бірнеше партия премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Осынша жасалғаннан кейін отставка Пашинян үшін аз болып тұр. Біз мұнда адамдардың ашуын басу үшін келдік. Ашуы орынды. Мұнда әкесі, бауыры, ұлы соғыста жанын берген адамдар. Қоғамның пікірімен санаспай, қаламмен қол қоя салып, жерді, Шушаны беру туралы шешім шығарды", - деп келтірді депутаттың сөзін Sputnik Армения.

Кейін наразы топ парламент ғимаратына кірді. Күзет оларға тосқауыл қоюға тырысқан, алайда олар күзетшілерді итеріп кіріп, мәжіліс залына жетті. Залдағы мінберге кез келген адам тұрып, Қарабақтағы әскери қимылды жалғастыруды талап етті. Ал Армения премьері Никол Пашинян Ереванда бүлік жасаған барлық азамат жауапқа тартылатынын айтты.

"Бүгінгі қылмысты ұйымдастырғандардың бәрі қатаң жазаланады", - деді Пашинян Facebook желісінде тікелей эфирде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.