Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Медеу мен Шымбұлақ жақында ашылады
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында карантинге жабылған Шымбұлақ пен Медеу сынақ ретінде ашылатыны жазылған.
16:25 10.11.2020
«Туризм нысандарының тестілік режимдегі қызметіне рұқсат беру - 2020 жылдың 19 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында «Медеу» спорттық-сауықтыру орталығы және 2020 жылдың 16 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында Шымбұлақ тау-шаңғы курорты. Медеу мұз айдынына жіберілетін адам саны 500-ден аспауы тиіс. Шымбұлаққа келушілер бұрынғы қабылданатын туристер санының 30% -ынан аспауы керек», - делінген қаулыда.
Сондай-ақ «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты мен «Медеу» спорттық-сауықтыру орталығының тамақтану объектілеріне рұқсат, онда да ашық аспан астында 50 орыннан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метрді қамтуы керек. Бастысы ол арада ұжымдық іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады, делінген қаулы талаптарында.
Айта кетер жайт, ұжымдық іс-шаралар өткізуге болмайды. Tұрғын үй қызметін (қонақ үй, қонақ үй) ұсыну саласындағы нысандар мен ұйымдарға ПТР тестісіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал 72 сағаттан кешіктірмей алынған ПТР тест болған жағдайда, туризм нысандарында (демалыс үйлері, санаторийлер, курорттар, туристік лагерлерге) үш күннен астам уақыт тұруға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram