{metadescription}
Алмaтыда сауда орталықтары мен базарлар қалай жұмыс жасайды

Алмaтыда сауда орталықтары мен базарлар қалай жұмыс жасайды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 9 қарашада жаңа қаулыға қол қойды.

Қаулы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің сайтында жарияланды. 26 қазандағы №64 қаулыға өзгерістер енгізілді. Жаңа қаулы бойынша, биылғы оқу жылының екінші тоқсанынан бастап 300 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі қалалық мектептерге дәстүрлі форматта оқуға көшуге рұқсат етіледі, 1-ден 5-сыныпқа дейінгі кезекші сыныптарға оқуға рұқсат етіледі.

Oйын-сауық орталықтары мен және сауда үйлерінің қызметі сағат 22.00-ге дейін рұқсат етіледі деп айтылған. Сондай-ақ, азық-түліктік емес және жабық азық-түлік базарларының қызметі сағат 17.00-ге дейін рұқсат етілетіні айтылады.

10 қарашадан бастап залда 50 пайыздан аспайтын, бірақ 100 адамнан аспайтын театрлардың қызметіне рұқсат етілді. 10 қарашадан бастап жұма намазын қоспағанда, діни объектілерде ұжымдық құлшылық етуге, мешіттерде намаз оқуға рұқсат етіледі. 30 пайызға дейін толтырылады, бірақ залда 100 адамнан артық отыруға болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.